Нұр-Сұлтан қалалық фтизиопульмонологиялық орталық қызметкерлері жұмыс істеуден бас тартуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қалалық фтизиопульмонологиялық орталық қызметкерлері жұмыс істеуден бас тартуда

03.06.2020

Нұр-Сұлтан қалалық фтизиопульмонологиялық орталықтың техникалық қызметкерлері жұмыс істеуден бас тартып жатыр. Себебі короновирусқа шалдыққан науқастармен тікелей байланыста болса да оларға үстемақы төленбей отыр. Бірақ неге екенін жұмысшылар екі айдан бері анықтай алмай жүр.

Ашу-ызаға булыққан техникалық қызметкерлер біраз жерге шағымданған. Бірақ нәтиже болмады. Денсаулық сақтау министрлігі те дәрменсіз. Себебі, арнайы Қаулы бойынша ешқандай санатқа енгізілмегеннен кейін оларға мемлекет тарапынан үстемеақы төленбейді. Дегемен медицина орталығы шағым айтушы жұмысшыларды сыйақысыз қалдырмағандарын айтады.

Бірақ шағымданушылар бұған риза емес. Сондықтан енді прокуратураға шағымданбақ. Мәселе тіпті шешілмесе, жұмыстан кетуге де дайын.

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу