Елордада санитарлық талаптарды сақтамаған 120 нысан жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада санитарлық талаптарды сақтамаған 120 нысан жабылды

03.06.2020

Иә, әділдік орнайды деп сенейік. Әркім әрекетіне сай, сыйын немесе жазасын алуы керек. Мәселен, елордада санитарлық талаптарды сақтамаған 120 нысан жабылып, 150-не ескерту жасалды. Олардың ішінде құрылыс компаниялары да бар. Бұл нысандар эпидемиологиялық шараларды қатаң қолға алмайынша, ашылмайды. Бас қалада күнделікті полицейлер мен тиісті мамандар рейд жүргізіп отырады. Күніне 50 шақты нысан тексеріледі. Кеше тек бір күннің ішінде 4 шағын кәсіпорын жабылып қалған.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу