Ақтауда 70 тен астам кәсіпкер жергілікті биліктен мейрамханалар мен тойханаларды ашуды сұрап, әкімдік алдына жиналды. Олардың арасында асабалар, әншілер мен бишілер, мерекелік кештерді ұйымдастырушылар бар. Карантин талаптарын жеңілдтуді өтінген олар, соңғы екі айда мүлде табыссыз қалғандарын айтады. Мәселе облыстық штабта қаралатын болды.
Аягөз ОРАЛБАЙ