Атырауда екі адам коронавирустан қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда екі адам коронавирустан қайтыс болды

04.06.2020

Атырауда коронавирустан екі адам көз жұмды. Екеуі де өңірге қарасты Жылыой ауданының тұрғыны. 

Қайтыс болған науқастың бірі - 1964 жылғы азамат. Теңіз кен орнындағы мердігер мекемеде жұмыс істеген. Індеттің құрығына кеніште жүріп іліккен. 

Ал жан тапсырған екінші тұрғын - 1951 жылғы зейнеткер. Қауіпті инфекцияны Ораза кезінде ауызашарға барып, жұқтырған.

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу