Оралда орталық саябақ қайта жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда орталық саябақ қайта жабылды

04.06.2020

Оралда жуырда ғана ашылған орталық саябақ қайта жабылды. Себебі санитарлық талаптар сақталмаған. Жергілікті мониторингтік топ арнайы рейд жүргізіп, тұрғындар мен кәсіпкерлердің қауіпсіздік қағидаларына салғырт қарайтынын анықтады. Нақытрақ айтқанда, тұрғындар маска тақпай жүреді, арақашықтықты сақтамайды. Сәйкесінше демалыс орнын жабу туралы шешім қабылданды.

 Ал елордада төрт күннің ішінде 150 нысан тексеріліп, оның 52-сі жабылды. Санитарлық талаптарды сақтамағандардың ішінде дәмханалар, сұлулық салондары, көлік жуу қызметтері бар. Әкімдіктің мобильді тобы полицейлер және эпидемиологтармен бірге күн сайын рейд жүргізеді. Мұндай қатаң шара коронавирустың таралуына жол бермеу үшін жасалып отыр. Айта кетейік, елордада маска тағу режимі әлі де сақталуда. Автобустар, дүкендер және басқа да адам көп жиналатын жабық жерлерде маска киіп, арақашықтық сақтап, антисептик пайдалану қажет.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу