Қазақстанда биылдан бастап мектеп директорларының еңбекақысы еселенеді. Бұл туралы бүгін онлайн режимде есеп берген Білім және ғылым министрі мәлімдеді. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысы аз. Мәселен, мұғалімдер біліктілік санатып растап 30-50 пайыз аралығында үстемеақы алып жатыр. Мұндай мүмкіндік енді мектеп басшыларына да беріледі. Аттестация тапсырып жұмысының тиімділігін және біліктілігін дәлелдеген директорлар да үстемақы алады. Нәтижесінде, біліктілігі төмен мектеп басшыларын орнынан алып, мықты мамандарды іріктеуге де мүмкіндік туады. Сондай-ақ, мұғалімдерді жұмысқа қабылдайтын мектеп директорларының құзыреті қайта қаралады.
Ербол МӘНДІБЕК