Ал Алматыда пышақ пен травматикалық қару қолданып, төбелеске қатысқан тағы бір күдікті ұсталды. 26 жастағы қала тұрғыны «Қару және пышақ қолданып, бірнеше адам жасаған бұзақылық» қылмысы бойынша тергеліп жатыр. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, екі адам жарақат алған. Олардың бірі сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғын болып шықты. Кеше дәмханадағы отырыстан кейін бірнеше ер адам жаға жыртысып қалған. Төбелес кезінде пышақ пен травматикалық қару қолданылған. Содан соң бір тәулік ішінде 26 жастағы жігіт ұсталды.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ