Президент Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күнімен құттықтады

05.06.2020

Бүгін бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев, Twitter парақшасында: «Табиғатты қорғау мен биологиялық алуан түрлілікті сақтау — млекеттік маңызы зор мәселе»,- деп, эколгияны қорғау күніне көпшіліктің назарын аудартты. Сондай-ақ жазбада Қазақстанда жан-жануарлардың, құстардың, балықтар мен өсімдіктердің ондаған түріне жойылып кетудің қаупі төніп тұрғанын атап өткен.

Қазір елімізде қоршаған ортаның жанашырлары - экобелсенділердің қатары көбейіп келеді. Олар тұмса табиғатты ұрпаққа таза қалпында қалдырайық деп дабыл қағуда.

Экология күні қарсаңында Павлодар облысындағы атақты Маралды көлінің инфрақұрылымын дамытуға аймақ бюджетінен 30 млн. теңге қаржы бөлінді. Одан бөлек жол салу жұмыстары басталды.

Экология министрлігінің мәліметі бойынша елімізде 3,5 мыңнан астам қоқыс полигоны бар. Олардың тек 600 шақтысы ғана стандарттарға сай. Жалпы, Қазақстанда 120 миллион тоннаға жуық өндірістік және тұрмыстық қалдықтар сақтаулы. Сондықтан қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып жүрген табиғат жанашырларының еңбегі өлшеусіз.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу