Рөлде отырған құқық қорғау органының бұрынғы қызметкері ме, жоқ әлде органда қызмет істеп жүрген бе, бұл жағдайда оның ешқандай мағынасы жоқ, ол ішкеніне қарамай рөлге отырды. Соңы неге соғуы мүмкін екенін білді. Қылмыс істеді және сол үшін жауап береді. Бастысы, осы екенін айтты осы аптада Алматы полициясының басшысы Қанат Таймерденов.
Әңгіме Алматыда блокбекетте кезекшілігін атқарып, көлікте отырған полицейлерді машинасымен келіп қаққан полицей туралы. Байқағанымыздай, оның сол оқиғаға дейін жұмыстан шығарылғаны немесе оқиғадан соң шығарылғаны ақыры анық айтылмай отыр. Басында Полиция департаментінің баспасөз қызметі мүлдем жоққа шығарған, кейін «иә, істеген» деді.
Көлігімен блокбекетті барып соққан Азат Азаматов лейтенанттық шенін мамыр айының басында алған. Ал ол барып соққан аға лейтенант Жарас Жанғазиев пен сержант Дастан Абдықановтың отбасылары аңырап қалды. Аға лейтенант Ербұлан Сейдазым ауыр халде ауруханаға түскен. Азат Азаматовқа «кісі өлтіру» бабы бойынша айып тағылған.