Шығыс Қазақстандағы кәсіпкерлер Президентке үндеу жолдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстандағы кәсіпкерлер Президентке үндеу жолдады

07.06.2020

«25 проценттің 10 процентін мен аламын, 15 немесе 17 процентін ЖКХ мен әкімдіктің адамдары алады. Өздерің білесіңдер, ол откат»,- деді. Бұл цитата. 

Өскеменде «Самал» саябағын салуға қатысқандардың бірі, кәсіпкер Айнаш Садықованың біздің меншікті тілшімізге берген комментарийінен цитата. Өзі айтқандай, былтыр көктемде Айнаштың фирмасы жаңа саябақ аумағында 102 миллион теңгенің жұмысын істеген. Кейін пайда болған бас мердігер компанияның басшысы Айнашқа тиесілі ақшаның 25 пайызын ұстап қалған...

Тендер өткізу процесі коррупциялық әрекетке толы деген шығыс қазақстандық кәсіпкерлерге Облыстық әкімдік комиссия құратынын айтқан, кәсіпкерлер сенбейді. Жалпы, тендерге байланысты ащы күлкі мен ирония тек Шығыс Қазақстанда тумайды. Осы аптада нақты солар күйіп сөйлегесін сюжет те сол жақтан.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу