Жамбыл облысы Қордай ауданында 5 елді мекенді газдандыру жұмыстары басталды.
Олардың ішінде Аухатты, Бұлар батыр, Сортөбе, Масаншы және Каракемер ауылдары бар. Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ Жамбыл облысының әкімдігімен бірлесіп, көгілдір отын жеткізетін құбырларды тарту жұмыстарына кірісті. Президент пәрменімен басталған игі іс туралы Сәбит Əлдебайдың материалы.