Covid-19 дертінен елімізде тағы 3 адам көз жұмды. Олардың бірі — Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының тұрғыны. 1963 жылғы ер адам. Ол мамырдың 11-і күні жөтел және басқа да ауру белгілерімен емханаға барған. Сол жерде Covid-19-ға шалдыққаны анықталады. Дәрігерлер вирусқа қарсы қолдан келген барлық ем-домды жасаған. Алайда, дендеген дерт салдарынан өкпе тамырлары да бітеліп, қан жүрмей қалған. Бұдан бөлек, қауіпті дерттен 63 жастағы Павлодар облысының азаматы мен 1948 жылы туған атыраулық әйел қайтыс болды. Сонымен елімізде короновирустан қайтыс болғандар саны 56-ға жетті.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ