Атыраудағы газ құю бекетінде болған жарылыстан 1 адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атыраудағы газ құю бекетінде болған жарылыстан 1 адам қайтыс болды

08.06.2020

Атыраудағы газ құю бекетінде болған жойқын жарылыстан зардап шеккен 34 жастағы жүргізуші ауруханада жан тапсырды. Оның денесінің 90 пайызын күйік шалған. Көз жұмған азаматтың артында, төрт баласы мен жүкті әйелі қалды. Оқиғаның себеп-салдары әлі де зерттеліп жатыр. Алдын ала болжам бойынша, өрт қызметкерлердің салғырттығынан болуы мүмкін. Еске сала кетейік, 5 маусым күні қала орталығындағы газ құю стансасы жарылып, 4 адам жапа шеккен болатын.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу