Жұмысынан айырылған қазақстандықтар мемлекеттен әлеуметтік төлем ала алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмысынан айырылған қазақстандықтар мемлекеттен әлеуметтік төлем ала алады

09.06.2020
Жұмысынан айырылған қазақстандықтар мемлекеттен әлеуметтік төлем ала алады

Қазақстанда жұмыстан босатылған қызметкерлерге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жәрдемақы беріледі. Төлем жоғалған кірістің 40%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады. 

Жалпы, әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан тағайындалады.  

Жәрдемақы алуға өтініш беру үшін не істеу керек?

1. Egov.kz порталындағы «Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту» бөлімінінен «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» сервисін таңдаңыз;

2. Ұсынылған нысандарды жеке мәліметтеріңізді көрсете отырып толтырып, өтінім жіберіңіз;

3. Бір күн ішінде Жұмыспен қамту орталығы сізге бос жұмыс орындарын ұсынады. Егер жұмыс табылмаса, сізге қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі; 

4. Жұмыссыз ретінде тіркелген соң әлеуметтік төлем тағайындау бойынша ұялы телефонға SMS-хабарлама келеді. Оған жауап беру қажет; 

5. Төлем автоматты түрде тағайындалады.

Дереккөз: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі

Хабарламаларға жазылу