Осы айдының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы халықаралық рейс қайта қалпына келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі айтты.
Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, қазір халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру жоспарланып отыр. Ал маусым айының соңында Қазақстан және Түркия арасында халықаралық рейс қайта ашылады.
Досжан Маратұлы