Бүгін Жезқазған қаласы бірнеше сағат бойы түгелдей жарықсыз әрі сусыз қалды. Таңертеңгі 7:30-да жылу энергия орталығындағы электр желілерінің бірінде ақау шыққан. Салдарынан 90 мыңнан астам тұрғыны бар шаһарға электр қуаты мен су берілмей қалды.
Бұған қоса өндіріс ошақтары тұралаған. Сағат 11:00 шамасында қаланы электр энергиясымен қамтамасыз ету толықтай қалпына келтірілді. Қазір тұрғын үйлерге біртіндеп су берілуде.
Руслан Нұрланұлы