Қарағандыда тапа-талтүсте тұрғын үйдің ауласында белгісіз біреу қарудан оқ атып, 2 адамды жарақаттады. Оқыс оқиға өзара келіспеушіліктен болған. Дер кезінде жедел жәрдем келіп, жәбірленгендер ауруханаға жеткізілді. Оларға операция жасалады.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасуда.
Руслан Нұрланұлы