Осы айдының соңында Қазақстан және Түркия арасындағы әуе қатынасы қайта қалпына келеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі айтты. Бейбіт Атамқұловтың сөзінше, қазір халықаралық рейстерді кезең-кезеңімен жандандыру жоспарланып отыр. Ал маусым айының соңында ел азаматтары Түркияға ұша алады. Әрі эпидахуал жақсарса, өзге елдерге де әуе қатынасын ашу жоспарланып отыр.
Досжан МАРАТҰЛЫ