Ақкөл ауылы карантинге жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақкөл ауылы карантинге жабылды

09.06.2020

Атырау облысына қарасты Құрманғазы ауданындағы Ақкөл ауылы 18 маусымға дейін карантинге жабылды. Эпидахуалдың ушығуына байланысты көлік қатынасы тоқтады. Ауылдағы темір жол бекетінде де шектеу шаралары күшейтілді. Стансаға келіп тоқтаған пойыз вагондарының есігін ашуға және жолдаушыларға түсуге қатаң түрде тыйым салынды. 5 мыңға жуық халқы бар елді мекенде 24 адам коронавирусқа шалдыққан. Сонымен қатар, елді мекеннің 72 жастағы тұрғыны қауіпті инфекциядан қайтыс болды. Бүгінде орталықтан барған арнайы комиссия Ақкөлде жұмыс істеп жатыр.

Жандос ТЕМІРҒАЛИ


Хабарламаларға жазылу