Үкімет отырысынан кейін бір топ журналист Қаржы министрінен қаражаттың бұлай жұмсалуының себебін сұрады. «Бастысы, миллиондаған теңге игерілмей қалған мемлекет бюджетін жыл соңында жою тәсілі ме?» деген де ой туғанын жасырмады. Алайда, Әлихан Смайылов мұны жоққа шығарды. Оның айтуынша, көшелер мен жасыл желектерді безендіру үшін ақша жоспарлы түрде бөлініп тұрады.
Әлихан Смайылов, ҚР Қаржы министрі:
- Бұл қала қажеттіліктері үшін жаңажылдық безендіру ғой. Ал, мемлекеттік бюджеттің игерілмей қалған қаражаты мақсатсыз жұмсалмайды. Қалғаны келесі жылға аударылады.
Альбина ӘШІМ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.