Жамбыл облысында қызыл кітапқа енген жан-жануарлар көбейген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысында қызыл кітапқа енген жан-жануарлар көбейген

09.06.2020

Жамбыл облысында пандемия кезінде қызыл кітапқа енген жануарлар саны көбейген. Әсіресе тұқымы жойылып, мүлде кездеспей кеткен бірнеше аң фототұзаққа түсіп қалған. Осыдан кейін ерекше қорғалатын Меркі тауларынан ұлттық парк құрылатын болды.

Кадрге түскен жануарлардың бірі — қар барысы мен түркістан сілеусіні. Аса сақ жүретін түз тағылары осында топтаса бастаған. 70 мың шаршы шақырым жерді алып жатқан аумақта үнді жайраны мен арқарды және құстардың да сан түрін байқауға болады. Жергілікті орманшыларға Зоология институтының мамандары мен Біріккен ұлттар ұйымының өкілдері жиырмаға жуық фототұзақ әкеліп берген. Бұл видеодеректер ұлттық парк құру үшін өте маңызды ғылыми негіздеме болмақ.

Сәбит ӘЛДЕБАЙ


Хабарламаларға жазылу