COVID-19 белгілері жоқ тасымалдаушылар басқаларға вирус жұқтырмайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

COVID-19 белгілері жоқ тасымалдаушылар басқаларға вирус жұқтырмайды

10.06.2020
COVID-19 белгілері жоқ тасымалдаушылар басқаларға вирус жұқтырмайды

COVID-19 белгілері жоқ тасымалдаушылар басқаларға вирус жұқтырмайды.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді.

«Коронавирус белгілері жоқ тасымалдаушылардың басқаларға вирус жұқтыруы екіталай. Біз өзге елдерде оларға бақылау жүргізудеміз. Симптомсыз науқастармен байланыста болғандар жіті назарымызда. Алайда вирус әрі қарай тарап жатқан жоқ. Вирус белгілері жоқ тасымалдаушылардан індеттің таралуы сирек кездесетін жағдай», - дейді ДДCҰ өкілі Мария Ван Керкхове.

Дегенмен ДДСҰ өкілі ұйымда коронавирус белгілері жоқ тасымалдаушылардың нақты саны туралы мәліметтер жоқ екенін айтты. Оның мәлімдеуінде, симптомсыз науқастар туралы зерттеулер әзірге тапшы болып отыр. 

Сондай-ақ Ван Керкхове ауру белгілері жоқ тасымалдаушыларды вирустың жеңіл түріне шалдыққандармен шатыстыруға болмайтынын ескертті.

gazeta.ru

Хабарламаларға жазылу