Нұр-Сұлтан қаласындағы санитарлық талаптарды сақтамаған кәсіпкерлік субьектілері жабылады. Осыған дейін 100-ден астам орталық уақытша жұмысын тоқтатты. Сала мамандары көпшілік жиналатын орталық иелеріне тағы да ескерту жасады. Олар арнайы алгоритм бойынша жұмыс істеу керек.
Кейбір тамақтану орталықтарында термометрия құралы бар. Бірақ келушілердің дене қызуын өлшеп жатқан ешкім жоқ. Мамандар ескерту жасады.
Раушан САЙЛАУҚЫЗЫ