Әлем халқының 41 пайызға жуығы вирусты тасымалдаушы болуы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем халқының 41 пайызға жуығы вирусты тасымалдаушы болуы мүмкін

10.06.2020

Әлемде жалпы халықтың 41 пайызға жуығы симптомсыз Covid-19 инфекциясын тасымалдаушы болуы мүмкін. Алайда, олардан аурудың қаншалықты жұғатыны әзірге белгісіз. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлап отыр. Ауру белгілері анықталмағандар туралы зерттеулер аз. Сондықтан олардың нақты саны беймәлім. Ұйым өкілдері вирус тасымалдаушыларды анықтау үшін жаппай тест жасаудың маңыздылығын атап өтті.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу