2018 жылғы экономикалық көрсеткіштер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2018 жылғы экономикалық көрсеткіштер

16.01.2019

Ұлттық экономика министрлігі халықтың әл-ауқаты едәуір жақсарғанын айтады. 2018 жылды қорытындылаған ведомствоның келтірген сандары солай дейді. Мәселен, жан басына шаққандағы халықтың орташа табысы 95152 теңгеге жеткен. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 6,3 пайызға жоғары. Ал, бір қызметкердің орташа айлығы өткен жылдың желтоқсанында 174642 теңгені құраған. Жұмыссыздық деңгейі еңбек етушілерге шаққанда 4,9 пайызды құраған. Халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінгендердің саны – 91,6 мың адам. Ал, ЖІӨ 4,1 пайызға жетіп, Үкіметтің күпті көңілін бір басты. Өйткені, бұған дейін болжам бойынша ЖІӨ көрсеткіші 3,8 пайызға төмендеп кетеді делінген еді. Сыртқы сауда айналымы да өскен. Былтыр қаңтар-қараша аралығында 84344,6 млн АҚШ долларына тауар айналымы жасалған. Сандарға сенсек, барлық салада өсім бар екен.

Альбина ӘШІМ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу