«Самұрық-Қазына» компанияларын сату мерзімі кейінге шегерілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Самұрық-Қазына» компанияларын сату мерзімі кейінге шегерілді

10.06.2020

«Самұрық-Қазынаның» еншілес компанияларын сату мерзімі кейінге шегерілді. Мұндай шешім бүгін Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды. Негізі жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарына сәйкес «Самұрық-Қазынаның» 167 активі сатылымға шығарылып, басым бөлігі бәсекелес ортаға берілген. Ал «ҚазМұнайГаз», Air Astana, «Тау-Кен Самұрық», Qazaq Air, «Самұрық-Энерго» мен «Қазақстан темір жолы» сияқты бірқатар стратегиялық активтерді сату мерзімі 2021-2023 жылдарға ауыстырылды. Бұған халықаралық капитал нарықтарындағы тұрақсыздық, энергия тасығыштарға бағалардың төмендеуі мен әлемдік экономика өсу қарқынының бәсеңдеуі себеп.

Досжан МАРАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу