Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлерге тендерге қатысарда тең мүмкіндік берілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыс Қазақстанда кәсіпкерлерге тендерге қатысарда тең мүмкіндік берілмеген

10.06.2020

Шығыс Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлер теңдер өткізуде теңсіздікке жол берген. Бірақ бұл туралы хабарлаған Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы Серік Мамаев сұхбат бермей, ат тонын ала қашты. Өткен аптада аймақтағы геологиялық компания басшысы жалпы құны 1 миллиард теңгеге жуық тендер әділетсіз өтті деп шағымданған болатын. Көп ұзамай облыс әкімінің бастамасымен арнайы жұмыс комиссиясы құрылып, мемлекеттік аудиторлар байқаудың қаншалықты заңды өткенін тексерді. Нәтижесінде, өңірдегі 33 ауылды ауыз сумен қамту үшін жер асты суларын барлау бойынша жарияланған тендерден екі компания заңсыз шеттетілгені анықталды. Бұл туралы Ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы жиын барысында хабарлады. Бірақ осы сөзін камераға айтудан бас тартып, мемлекеттік тілде сұхбат бермей бұқаралық ақпарат өкілдерінен қашып кетті.

Берік КӨШЕРБАЙ


Хабарламаларға жазылу