Вакцинациядан бас тартқан ата-аналар баланың денсаулық құқығын шектейді - Елжан Біртанов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Вакцинациядан бас тартқан ата-аналар баланың денсаулық құқығын шектейді - Елжан Біртанов

11.06.2020
Вакцинациядан бас тартқан ата-аналар баланың денсаулық құқығын шектейді - Елжан Біртанов

Вакцинациядан бас тартқан ата-аналар баланың денсаулық құқығын шектейді.

Сенаттың жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деді.

«Ата-аналар баласын вакцинациялаудан бас тарта отырып, баланың денсаулық құқықтарын шектейтіндігін атап өткен жөн. Жалпы, екпе алмаған адам санының өсуі – ұжымдық иммунитеттің төмендеуіне және халық арасында вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулардың таралуына алып келеді», - деді «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс пен «Кейбір заңнамалық актілерге денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулер енгізу жөнінде» ілеспе заң жобасын таныстырған министр.

Министр қоғамда резонанс тудырған вакцина мәселесін қайта түсіндірді.

«Міндетті профилактикалық егулерге жоспарлы профилактикалық егулер және эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық егулер жатады. Жоспарлы вакцина алмаған балаларды мектепке дейінгі оқу мекемелеріне жіберу ұжымдық иммунитеттің шекті деңгейіне жеткен жағдайда ғана мүмкін болады», - деді ол.

Хабарламаларға жазылу