Қазақ-қырғыз шекарасында жағдай реттеліп, жүк тасымалына кедергі болмайды. Премьер-Министр Асқар Мамин қырғызстандық әріптесі Мухаммедкалый Абылгазиевпен телефон арқылы сөйлесті.
Əңгімелесу барысында үкімет басшылары барлық өткізу бекетін ашу және кедергісіз жүк тасымалдарын қамтамасыз ету туралы уағдаласты. Сонымен қатар, тараптар коронавирус инфекциясының таралуына қарсы мәселелерді талқылады.
Фариза Мұсақызы