Ата-ана қамқорлығынсыз қалған қызылордалық түлектерге білім гранты табысталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата-ана қамқорлығынсыз қалған қызылордалық түлектерге білім гранты табысталды

11.06.2020

Сыр өңірінде ата-анасының қамқорлығынан айырылған мектеп бітіруші түлектерге жоғары оқу орнының гранттары табысталды. Мұндай игі іске Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ұйытқы болды.

«Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылында тәлім-тәрбие алып, үлкен өмірге қанат қаққалы тұрған 4 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуде шекті балл жинаған. Əрі қарай университет өз қамқорлығына алады. Оларға қалаған мамандығы бойынша ақысыз негізде білім беріп, жатақхана мен ыстық тамақпен қамтамасыз етуді өз міндетіне алмақ.

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу