Жамбыл облысында базар басшысына карантин талаптарын сақтамағаны үшін айыппұл салынды. Қордай ауданына қарасты «Үсен-ұлы» базарының басшысына әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 462 бабы 3 тармағы бойынша хаттама толтырылып, сотқа жолданған. Аймақта карантин талаптарын бақылау бойынша 78 арнайы мониторнингтік топ құрылған. Олардың 11-і облыс орталығы Тараз қаласында. Күнделікті рейд жұмыстары кезінде бір тәулікте 150 нысан тексеріліп, 10 әкімшілік құқық бұзушылық деректері тіркелді.
Сәбит ӘЛДЕБАЙ