Жала жапқандар енді қылмыстық емес, әкімшілік жауапкершілікке тартылады. 130-баптың әкімшілік кодекске ауыстырылуын қарастыратын нормасы бар заң жобасын Сенат екінші оқылымда мақұлдады. Депутаттардың айтуынша, бұл өзгеріс біздің заңды халықаралық құқық нормасына біраз жақындата түседі. Құжат Президенттің қол қоюына жолданатын болды.
Оңғар АЛПЫСБАЙҰЛЫ