Алматы облысындағы қоқыс полигонында тұтанған өрт толастамай тұр. Сөндіру жұмыстары үш тәуліктен бері жүріп жатыр. 1700 тоннадан астам су құйылып, топырақ себілді. Қазір ашық от пен қалың түтін жоқ, күл-қоқыс құр бықсып жатыр. Жұмысқа төтенше жағдайлар қызметінің 100-ден астам қызметкері тартылған. Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Еске сала кетейік, 10 маусымда «Алматы-Өскемен» автожолына жақын маңдағы қоқыс полигонынан өрт шыққан. Желдің ұйытқуынан оттың таралуы үдей түскен. Қызыл жалын 3 гектардан астам аумақты шарпыды. Полигондағы өрттен тараған қара түтіннің кесірінен Алматы-Қапшағай тас жолында 8 көлік соқтығысып, 7 адам зардап шеккен болатын.
Жазира ОРАЗҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыдағы қоқыс полигонында тұтанған өрт әлі сөнген жоқ&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./news/128082/)