Президенттің қызметіне кіріскеніне 1 жыл толды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президенттің қызметіне кіріскеніне 1 жыл толды

12.06.2020

Осыдан тура 1 жыл бұрын Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімі өткен еді. Былтыр маусымның он екісінде қазақтың жаңа басшысы адал еңбек етуге халық алдында ант берді.  

Жалпы осы бір жыл ішінде ел дамыуы үшін аса маңызды бірнеше ауқымды заң қабылданды. Бейбіт жиналыстар және саяси партиялар туралы заңдар — азаматтардың белсенділігін арттырып, мемлекеттің өркендуі жолында өз үлестерін қосуына мүмкіндік ашпақ. Сайлау туралы жаңа заң болса, әйелдер мен жастардың елдің саяси өміріне белсене араласуына септігін тигізері анық. Демократиялық үрдістерді одан әрі дамыту мақсатында «Парламенттік оппозиция» заңы да қабылданды. Бұдан бөлек, жала жапқандар енді қылмыстық емес әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Заң жобасы мәжілістен өтіп, сенат мақұлдады. Бұл халықаралық құқық нормасына әдеуір жақындататын қадам екенін айтады сарапшылар.

Альбина ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу