Түркия еліне саяхаттау барысында нені ескеру қажет? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркия еліне саяхаттау барысында нені ескеру қажет?

13.06.2020

Қазақстан әлемнің бір бөлшегі, оның ішіндегі саяси салмағы бар, өңірлік көшбасшыға айналған мемлекет. Сондықтан біздегі ахуалды өзіміз ғана емес, өзгелерде екшеп отыр. Біз керісінше, азаматтарымыз баруы мүмкін елдердегі Covid-19 -дың таралу қарқынын қараймыз. 20 маусымнан бастап Қазақстаннан шетелге ұшуға болады ресми ақпарат шықты. Әзірге 6 елге: Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Гурзия және Жапония. Тізімнің төріне Түркияны беркер қойғанымыз жоқ. Жаз келді, туристік маусым. Үйде отыр дегенді тыңдамай базар аралап кеткен елдің Түркияға алған турларын қолтыққа қысып әуежайға тұра ұмтылатыны түсінікті. Біздің міндет ағайынды шетелдегі ақпаратпен құлақтандыру, қалай қорғану керегін, қандай қауіп болуы мүмкін екенін ескерту. Ендеше шапқан жерден бәйге алып, атқан жерге дарыған Мәселе ұжымының тағы бір сюжетіне назар салыңыздар.

Айдос ӘШІМ


Хабарламаларға жазылу