Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус жұқтырған

14.06.2020

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өзінің коронавирус жұқтырғанын әлеуметтік желіде хабарлады.

«Өкінішке қарай, жағымсыз жаңалық жариялауға мәжбүрмін, коронавирусқа тапсырған соңғы тест оң нәтиже көрсетті. Өкініштісі, симптомсыз форма емес, сондықтан инфекциялық госпитальға жаттым»,- деген ол Facebook парағында.

Санитарлық талаптарды қатаң сақтағанымен тәуекел қашанда болады деп, мұның, әсіресе қашықтан жұмыс істеу мүмкін еместерге қатысты екенін айтқан. Көптеген азаматтарымыз ғаламдық дағдарыс пен пандемияның салдарларына орай туған проблемаларды шешу үшін қарқынды жұмыс істеп жатыр. Бізге аймақтарға шығып, жеке кездесулер керек, сондықтан бізге Covid-19 жұқтыру тәуекелі артты, дей келе, кеше жазған «жеке бастың карантинін сақтау» туралы кеңесін тағы қайталады. Сонымен Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны кешкі жетідегі мәлімет бойынша 14 496-ға жетті. Бұл вирус жұқтырғанының белгісі байқалмайтындарды қоспағанда. Симптомсыз тасымалдаушылардың өзі 4402. Қайтыс болғандар 73. Жазылғандар 9114.


Хабарламаларға жазылу