Қытай астанасында коронавирус эпидемиясы қайта өрши бастады. Соңғы төрт күнде мұнда 79 адамнан COVID-19 инфекциясы табылды. Солардың 36-сы өткен тəулікте тіркелген. Айта кетсек, кейінгі 50 күнде Бейжіңде осындай бірде-бір оқиға тіркелмеген еді.
Вирустың ошағы – ет пен көкөніс сататын көтерме сауда базары деген болжам бар. Бұл базар – былтыр коронавирус алғаш рет тараған Ухань базарынан 20 есе үлкен.
Қайта төнген қауіпке байланысты қалада мектептер жабылып, бірнеше аудан қоршауға алынып, компаниялар өз қызметкерлерін тағы да 14 күндік карантинге жіберді.
Арыстан Рысбек