Нұр-Сұлтан қаласында кинотеатрлар мен ойын -сауық орталықтары ашылмайды. Себебі короновирустың таралуы бәсеңдемей тұр. Санитарлық талаптардың сақталмауынан науқастар көбейіп жатыр. Балабақшалар да әзір қалыпты режимге көшпейді. Тек ата-анасы жұмыс істейтін балалар үшін ұйымдастырылған кезекші топтар ғана болады. Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы халықты санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырады.
Ақерке БЕРІКБЕК