ЕҚДБ қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауын жалғастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ЕҚДБ қазақстандық кәсіпкерлерді қолдауын жалғастырады

13.02.2019

Еуропалық қайта құру және даму банкінің қазақстандық кәсіпкерлікті дамытудағы үлесі зор. Бұл туралы бүгін Ұлттық экономика министрінің орынбасары Серік Жұманғарин айтты. Қазір министрлік пен банк бірлесіп, бизнестегі әйелдерге жан-жақты қолдау жасап жатыр.

Өткен жылдың өзінде осы бағытта 264 жоба жүзеге асқан. Еуропалық банк тарапынан бөлінген 64,5 млн доллар қаржыға әйел кәсіпкерлер несие желілерін құрды. Сонымен қатар, консалтинг, бизнес-коучинг, тәлімгерлік пен нарықты дамытуға бағытталған іс-шараларға 2,7 млн доллар бөлінген.

Айта кетейік, 2015 жылдан бастап банк қаржыландырған 200-ге жуық бағдарламаның 85 пайызы толағай табыс әкелсе, 80 пайызға жуық қаржының айналымы еселеніпті. Ең бастысы – кәсіпорындардың 8 пайызы экспорттық сату әлеуетін арттырған.

Қаныбек Айтақов, кәсіпкер:

- Мен жеке кәсіпкер ретінде шетелдің экспертін жұмысқа шақыра алмаймын. Өйткені олардың ақысы 100 мың доллардан кем емес. Бұл жерде мен оның 10 пайызын ғана төлеймін. Егер оның жалақысы 100 мың болса, мен оның тек қана 10 мыңын төлеймін, қалған 90 пайызын Еуропалық банк төлейді.

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу