Алматы қаласында карантин талаптары күшейтілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласында карантин талаптары күшейтілді

15.06.2020

Алматыда коронавирус жұқтырған 62 науқастың жағдайы ауыр. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров айтты.

Оның сөзінше, бүгінде жұқпалы аурулар стационарларында 1200-ден астам адам жатыр, оның ішінде 60-қа жуық бала бар. Емдеуге жатқызылғандар арасында 5 пациенттің жай-күйі өте ауыр, ал 62-сінде – ауыр. Сондай-ақ онкологиялық ауруға шалдыққан 8 науқас та инфекция жұқтырып алған. Бұл туралы Алматыдағы Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрайымы хабарлады. Мегаполисте бүгіннен бастап карантин күшейтілді. Бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысына сәйкес азық-түлік және азық-түліктік емес базарлар таңғы 9-дан сағат 4-ке дейін, ал демалыс күндері кешкі алтыға дейін жұмыс істейді. Ал Халыққа қызмет көрсету орталықтары қайта онлайн форматқа көшірілді. Электронды түрде алуға келмейтін құжаттар үшін ғана таңғы сағат 10.00 мен 16.00 аралығында орталық қызметіне жүгінуге болады. Шаһардағы сауда, ойын-сауық кешендерінің жұмыс уақыты да қысқарып, олар 10-нан кешкі 9-ға дейін ашық. Коммерциялық банктер қызметкерлерінің 50 пайызын қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыруға міндеттелді.

Қуан НҰРАҚЫН


Хабарламаларға жазылу