Себебі қалада індет өршіп тұр. Бір аптаның ішінде 50 адам қатерлі кеселге шалдыққан. Өсім көрсеткіші - 80 пайыз. Сондықтан шектеу шаралары қайтадан күшейтілді. Көкшетаудағы әріптесім байланысқа шығуға әзір.
Көкшетаудағы блокбекеттер жұмысын бүгін бастайды. Қазір оларды орнату жүріп жатыр. Блокбекеттердің саны бесеу. Көкшетаудан Нұр-Сұлтан қаласына, Зерендіге, Рузаевка, Петропавлск және Омбы бағытындағы тас жолдарға блокбекеттер қойылады.
Шектеу шаралары, сондай-ақ, басқа бағыттарда да жүзеге асып жатыр. Ертеңнен бастап, қоғамдық көлік таңғы сағат 6 мен 10 және кешкі 17-ден 21:00 аралығында жүреді. Мекемелердің уақыты мен жүктемесіне қатысты да шектеулер енгізілді. Мұның барлығы Көкшетау қаласындағы ахуалға байланысты. Сондықтан Жағдай нашарласа, карантиндік шаралар әлі де күшейтілуі мүмкін. Мендегі бар ақпарат осы.
Ермек ЕЛБЕРГЕН