Бұрынғы энергетика вице-министрі А. Шкарупаны сот үйқамаққа босатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бұрынғы энергетика вице-министрі А. Шкарупаны сот үйқамаққа босатты

15.06.2020

Бұрынғы энергетика вице-министрі Анатолий Шкарупа және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын дамыту қорының басқарма төрағасы Қайсар Байдалы Қарағанды облыстық сотының қаулысымен үйқамаққа жіберілді. Лауазымды тұлғалар 2018 жылдың қарашасында қамауға алынған еді. Олармен қоса, кәсіпкер Ерлан Нәбиев те ұсталған болатын. Бұл үштікке Саран қаласындағы тұрғын үйлерге жылу есептегіш құрылғыларын орнату үшін бөлінген бюджеттің 215 миллион теңгесін ысырап етті деген айып тағылды. Өткен жылы желтоқсанда Шкарупа Президентке үндеу жолдады. Экс-вице-министр тергеу кезінде өзінің конституциялық құқығының бұзылғанын айтып, мемлекет басшысынан шара қолдануды сұраған еді.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу