Көкшетауда коронавирус жұқтырғандар көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көкшетауда коронавирус жұқтырғандар көбейді

16.06.2020

Көкшетауда коронавирустан қайтыс болған әйел адам індетті баласынан жұқтырған болуы мүмкін. Ұлы Нұр-Сұлтан қаласынан үйіне барған. Қазір облыстық туберкулезге қарсы диспансерде жатыр. Дəрігерлердің айтуынша, жағдайы ауыр. Бұл отбасынан ауруды жұқтырғандар көп болуы ықтимал. Себебі өткен аптада əкесі де көз жұмды. Алайда коронавирустан емес, басқа кеселден. Жаназасына, көңіл айтып келгендер аз болмаған. Бүгін тағы 6 адамның індетке шалдыққаны анықталды.

Ермек Елберген

Хабарламаларға жазылу