Павлодарда облыс әкімінің орынбасары вирус жұқтырды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодарда облыс әкімінің орынбасары вирус жұқтырды

16.06.2020

Маңғыстау облысында 69 дәрігер коронавирус жұқтырған. 29-ы ауруханада ем алып жатыр. 21-і сауығып шыққан. Ал Қарағанды облысында кен орнының 33 жұмысшысы қауіпті індетке шалдықты. Атырау қаласында балабақшаның 3 қызметкерінен коронавирус анықталды. Сондай-ақ, өңірде вирусқа шалдыққан жетінші жүкті әйел аман есен босанды. Абырой болғанда, нәрестенің дені сау.

Павлодарда облыс әкімінің орынбасары қауіпті дерттің құрығына ілінді. Шенеунік инфекциялық стационарға жатқызылған. Әкімдік қызметкерлері жаппай тест тапсырды. Ал аймақ басшысы онлайн режимінде жұмыс істеп жатыр.

Ал Талдықорғанда облыстық ұлттық сараптама орталығы карантинге жабылды. Себебі қызметкерлердің бірінен Covid-19 диагнозы анықталған.

Ал, Маңғыстауда бүгін коронавирус инфекциясын жұқтырған 18 науқас тіркелді. Олардың үлкені 62 жаста, ең кішісі биыл туған нәресте. Барлығы да жұқпалы аурулар стационарына жатқызылып, олармен байланыста болғандар анықталып жатыр.

Аягөз ОРАЛБАЙ


Хабарламаларға жазылу