Сыр өңірінде коронавирустан сауығып шыққан 77 адам донор болуға ниет білдіріп отыр. Олардан алынған қаннан індетке қарсы иммундық плазмалар дайындалады.
Бүгінгі күнге дейін облыста 507 адам вирус жұқтырған. Соның 90 пайызы инфекциядан құлан таза айығып шықты. Сондықтан мамандар сауыққан адамдарды донор болуға шақырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Әзірге 77 тұрғын қан тапсыруға келісімін беріп отыр.
Әділбек СЕРІКҰЛЫ