Кеше ел бойынша 383 адамнан індет табылған. Жалпы, науқас болғандар саны 15 мыңнан асты. Олардың 9 жарым мыңға жуығы жазылып шыққан. Сондай-ақ кеше ауру белгілері жоқ 600 тасымалдаушы тіркелген. Жалпы симптомсыз науқастардың ресми саны 5 жарым мыңға жуықтады. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін елімізде вирустан 81 адам көз жұмды.
Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ