Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше кешкі уақытта тұрғындардан 101 телефонына қоңырау түскен. Қазір оқиға орнында 54 өрт сөндіру қызметкері мен 17 арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Әзірге қызыл жалынның қанша аумақты қамтығаны белгісіз. Департамент өкілдерінің алдын-ала болжамынша, ойын-сауық орталығының маңындағы цех отқа оранған. Ашық өрт жоқ. Адамдар қауіпсіз жерге шығарылған.
Қуан НҰРАҚЫН