ҰБТ тапсыратын түлектер тестке кіретін рұқсат қағаздарын ала алмай жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҰБТ тапсыратын түлектер тестке кіретін рұқсат қағаздарын ала алмай жүр

16.06.2020

Ұлттық бірыңғай тестілеуге 4-ақ күн қалды. Бірақ кейбір түлектер сынақты қай күні, қайда тапсыратынын әлі білмейді. Сондықтан мамандар қажетті ақпаратты алудың екі тәсілін қайта-қайта түсіндіріп жатыр. Біріншісі, тестілеу орталығының ресми сайтындағы жеке кабинет арқылы жүзеге асырылады. Логинмен, құпия сөзбен кірген соң мектеп бітірушінің аты-жөні, сынақты қай жерде, қашан тапсыратыны, қай пункт, қай аудитория екені көрсетілген. Ал екінші әдіс бойынша АйТу мессенджерімен смс хабарлама жіберіледі. Оған тек жеке сәйкестендіру нөмірі керек.

Ақерке БЕРІКБЕК


Хабарламаларға жазылу