Алматы қаласында жастардың баспана алуына жағдай жасалуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы қаласында жастардың баспана алуына жағдай жасалуда

16.06.2020

Алматыда тіркеуің болмай-ақ пәтер алуға мүмкіндік туды. Үйсіз жүрген жастарға баспаналы болуға септігін тигізген «Алматы жастары» бағдарламасы тағы да өтініш қабылдайды. Жасы 35-тен аспаған денсаулық, білім, мәдениет және әлеуметтік сала мамандарымен қатар, ғылыми қызметкерлер мен журналистер қатыса алады. Бағдарлама шартына сәйкес атыңызда соңғы бес жылда тіркелген жылжымайтын мүлік болмауы тиіс. Шаһар басшысының ұсынысымен осыған дейін қалада тұрақты тіркеуі болуы керек деген талап қайта қаралған. Құжаттар 22 маусым мен 6 шілде аралығында қабылданады. 

Жазира ОРАЗҚЫЗЫ


Хабарламаларға жазылу