Алматы облысында 22 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында 22 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ

17.06.2020

Алматы облысында «Жұмыспен қамту» жол картасы бағдарламасы аясында мыңға жуық жоба қолға алынды. 22 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылып, жүздеген әлеуметтік нысан жаңартылады деп жоспарланған. Ауыл ішіндегі жолдарға асфальт төселіп, көптеген мәдени ошақтар қайта қалпына келеді. Мектептерді де бастан-аяқ жөндеу көзделген. Кейнігі кезде өзекті болған мәселенің бірі, әжетханалар жайы. Енді олар ғимарат ішіне салынатын болды.

Ал жалпы өңірде 863 жоба нақты қолға алынған. 10 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылып отыр.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу